SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда автокредит рәсімдеу тәртібі қатаңдауы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) банктерге қарыз алушының тек несие тарихын емес, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) қатысты берешегін де тексеруді міндеттейтін өзгерістер әзірледі.
Жобаға сай, банк болашақ клиенттің МӘМС төлемдері мен өзге де міндетті жарналар бойынша қарызы бар-жоғын анықтауы тиіс. Бұл мәліметтер қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау жүйесіне енгізілмек.
Агенттік түсіндіруінше, медициналық сақтандыруға жарна төлемеуі — қаржылық тәртіптің төмендігін көрсететін белгі. Мұндай азаматтардың несие бойынша кешіктіру ықтималдығы жоғары деп есептеледі. Бұған қоса, МӘМС қарызы бар адамдар бірқатар әлеуметтік төлем мен медициналық қызметтен қағылады. Ауыр дерт не еңбекке жарамсыздық жағдайында олардың қаржылық жағдайы күрт нашарлап, банктер үшін тәуекел өседі.
ҚНРДА Kolesa.kz-ке берген түсініктемесінде бұл талап тек автокредитке ғана емес, барлық несие түріне таралатынын атап өтті. Соған қарамастан, 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін автонесиелерге қатысты қарыз жүктемесі коэффициенті қолданылмайды.
RUS