Путин Украинаның шығысына көз тігуін жалғастырды

04.12.2025, 15:23
2313
Путин Украинаның шығысына көз тігуін жалғастырды Kremlin.ru

Ресей басшысы Донецк пен Луганскіні күшпен тартып алуға дайын екенін ашық айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин Украина шығысындағы аумақтарды басып алуды тоқтатпайтынын мәлімдеді. India Today телеарнасына берген сұхбатында ол өзін «ДХР» және «ЛХР» деп атайтын Донецк пен Луганск аймақтары «қалай болғанда да» Мәскеудің бақылауына өтетінін айтты.

Путиннің сөзінше, бұл өңірлердің тұрғындары «тәуелсіздікке дауыс берген», сондықтан украин күштері аймақтан өзі кетпесе, Ресей оны қарулы жолмен «босатуға» дайын. Ол өз мәлімдемесін ТАСС агенттігі таратқан. Сұхбат Путиннің 4 желтоқсанда басталатын Үндістан сапарына орайластырылған.

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі ұсынған соғыс тоқтату жоспары да Донбасс мәселесін қозғайды: Вашингтон ұсынған құжат Донецк пен Луганскінің Ресей бақылауына өтуін қарастырады. Алайда Кремль талапты жеткіліксіз деп санайды, себебі Мәскеу ресми түрде Запорожье мен Херсон облыстарын да өз аумағы деп танытуға тырысып отыр. Қырым 2014 жылдан бері Ресей қол астында, Луганскінің үлкен бөлігі де солай. Киев өз аумақтарын беруден үзілді-кесілді бас тартып, тек қазіргі майдан шебіне қатысты уақытша тоқтамды талқылауға дайын екенін айтады.

Путин сұхбатта 2 желтоқсанда Кремльде өткен, АҚШ президентінің өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнермен келіссөздердің нәтижесіне де тоқталды. Оның айтуынша, тараптар Трамптың бастапқы 28 тармақтан тұратын жоспарын жекелеген элементтер бойынша талқыға салғанымен, кейбір түйінді мәселеде бір мәмілеге келе алмаған. АҚШ кейін бұл құжатты төрт бөлек «пакетке» бөлуді ұсынған. Бұған дейін жоспар 19 тармаққа қысқарды деген ақпарат тараған, бірақ ресми құжаттар жарияланған жоқ.

Ресей басшысы Вашингтон ұсынған жоспардағы тағы бір тармақты – Мәскеудің G7 тобына қайта қосылу идеясын да қабылдамады. Путин өз сөзінде «бұрын да G8 саммиттеріне жиі бармағанын» алға тартты.

4 желтоқсанда Кремль Путиннің жыл сайынғы үлкен баспасөз конференциясы мен «тікелей желісі» 19 желтоқсанда өтетінін хабарлады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды