5 желтоқсандағы ауа райы: бірнеше облыста бұрқасын, қалың тұман және көктайғақ болады
Синоптиктер ондаған өңірге дабылды ескерту жариялады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан бойынша 5 желтоқсанда күн райы тұрақсыз болады. Синоптиктер тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын және күшейген жел туралы бірқатар ескерту жариялады. Қауіп жоғары аймақтар тізімі төмендегідей.
Қызылорда облысы
Өңірдің солтүстігі, орталығы және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында да тұман ықтималдығы жоғары.
Жетісу облысы
Таулы аудандарда қалың тұман басады. Алакөлге қарай желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ұлытау облысы
Түнде шығыс бөлігінде көктайғақ болады. Солтүстік, шығыс және орталық аумақты тұман жабады. Жезқазғанда да туман күтіледі.
Қарағанды облысы
Жолдарда көктайғақ. Солтүстік, шығыс және оңтүстікте тұман түседі. Жел батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды қаласында да дәл осындай жағдай болжанады.
Атырау облысы
Түнде және таңертең солтүстік пен батыс бөлігінде тұман күтіледі.
Астана қаласы
Қалада 5 желтоқсанда көктайғақ.
Ақмола облысы
Солтүстік пен шығыста түнде аздаған қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Күндіз жаңбыр аралас қар жауады. Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде тұман. Көкшетауда жел 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
Облыс бойынша қар жауады, солтүстік пен шығыста қар қалың түседі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел 15–20 м/с. Өскеменде де дәл осындай қолайсыздықтар күтіледі.
Абай облысы
Түнде батыс, солтүстік, орталық бөлікте қар. Күндіз жаңбыр аралас қар. Бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстікте тұман. Желдің екпіні 15–20 м/с. Семейде дәл сол жағдай.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде жаңбыр мен қар араласады, күндіз аздаған жауын-шашын. Солтүстік, шығыс және оңтүстікте көктайғақ пен бұрқасын. Жел 15–20 м/с. Петропавлда күн райы сондай.
Жамбыл облысы
5–6 желтоқсанда кей аудандарда тұман. Таулы өңірлерде жел 15–20 м/с.
Қостанай облысы
Солтүстік пен шығыста көктайғақ. Батыс, оңтүстік және шығыста тұман.
Ақтөбе облысы
Солтүстік пен шығысты тұман басады.
Павлодар облысы
Түнде жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз солтүстік пен шығыста қайта жауады. Жел 15–20 м/с. Павлодар қаласында да дәл осылай.
Батыс Қазақстан облысы
5 желтоқсанда облыстың батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Оралда да туман күтіледі.
Түркістан облысы
Батыс, оңтүстік, орталық және таулы аудандарда тұман түседі. Шымкент пен Түркістан қалаларында да көріну нашарлайды.
Материал авторы