4654

Астанадағы жойқын жол апаты: микроавтобус автобусқа соғылып, жүргізуші қаза тапты

Жол апаты екі жәбірленушімен және бір адамның өлімімен аяқталды.

Астанадағы жойқын жол апаты: микроавтобус автобусқа соғылып, жүргізуші қаза тапты
Астана ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Қошқарбаев көшесінде ауыр жол апаты болды. Алдын ала дерек бойынша, микроавтобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, аялдамада тұрған маршруттық автобусқа қатты соғылған.

Соққыдан микроавтобустың жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасының барлық себеп-салдары анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Материал авторы