Головкиннің есімі бокс аңыздарының тізіміне ресми енді
GGG Халықаралық бокс даңқ залына енгізілді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ боксының жұлдызы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залының 2026 жылғы тізіміне енді. Бұл туралы аталған ұйымның дауыс берушілерінің бірі, америкалық журналист Мэттью Агилар мәлімдеді.
Оның сөзінше, GGG – орта салмақтағы ең көрнекті боксшылардың бірі. Агилар өз дауысын Головкин мен Найджел Беннге бергенін айтып, қазақстандық боксшының жетістігін ерекше атап өтті.
Агилар әлеуметтік желіде былай деп жазды:
«2026 жылғы Бокс даңқ залының жаңа мүшелерін құттықтаймын. Дауыс берген екі спортшым Геннадий Головкин мен Найджел Бенн іріктеуден өтті. GGG үшін айрықша қуаныштымын. Ол Хаглер мен Хопкинспен қатар, көрген ең мықты орта салмақ шеберлерінің бірі».
Головкиннің ресми енгізілу рәсімі 2026 жылдың жазында өтеді.
Материал авторы