Ресейге қатысты жаңа санкциялар жарияланды

13.04.2023, 19:14
635
Ресейге қатысты жаңа санкциялар жарияланды smartnews.kz

АҚШ пен Ұлыбритания бірлесіп, Ресейді Украинаға қарсы соғыста тікелей және жанама қолдаған компаниялар мен тұлғаларға қосымша санкция салды. Олардың ішінде Ресей олигархтарынан бөлек, Қытайдың және Түркияның кәсіпорындары да бар.

Ақ үй Мәскеумен тым жақын байланыс орнатқан Венгрияға да ескерту жасады. 

АҚШ мемлекеттік департаменті жариялаған жаңа тізімге әлемнің 20 елінің 120 заңды және жеке тұлғалары енген. Олар Ресейге Украинадағы соғысқа байланысты енгізілген санкцияларды айналып өтуге көмектесті деп айыпталып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Қара тізімге іліккен шетелдік ұйымдардың ішінде Қытай, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері мен Өзбекстанның кәсіпорындары бар. Мәселен, қытайлық компанияның Украина қаласы Бахмутты басып алуға жанталасып жатқан Вагнер жеке әскери ұйымына спутниктік суреттер беріп келгені анықталған. Бұдан бөлек, Будапештегі Ресейге тиесілі Халықаралық инвестициялық банктің үш жоғарғы лауазымды тұлғасына санкция салынды. Былтыр өзге елдер бұл банктің жұмысын тоқтатқанымен Мажарстан үкіметі ешқандай шара қолданбаған еді. Керісінше оларға мейлінше қолдау көрсетіп келсе керек.

"Венгрия жүрегінде Кремльдің күмәнді банкі болуы және оған қатысты жеке тұлғалардың дипломатиялық паспорттар алуы НАТО-дағы одақтастарының қауіпсіздігі мен егемендігіне қауіп төндіреді. АҚШ Венгрияның әрекетіне жауап ретінде қарсы шаралар қабылдайтынын ескертеміз және Ресей мен санкцияға іліккен Ресей тұлғаларының халықаралық қаржы жүйесін пайдалануына жол бермейміз," - дейді Дэвид Прессман, АҚШ-тың Венгриядағы елшісі.

Ресейдің «Росатом» корпорациясымен байланысты бірқатар тұлғаларға да санкциялар енгізілді. Себебі Ақ үйдің айтуынша, Ресей газ секілді ядролық отын экспортын да әлем елдеріне саяси және экономикалық қысым көрсету үшін пайдаланып келеді. АҚШ санкциясына көрші елдің ең бай олигархтардың бірі Әлішер Усмановқа қарасты компаниялар кіретін USM холдингі де ілікті. Олардың қатарында Ресейдің ең ірі темір рудасын өндіруші «Металлоинвест» пен ең ірі телекоммуникация операторларының бірі «МегаФон» компаниясы бар. Осылайша, батыс санкциялары алғаш рет ресейлік телекоммуникация инфрақұрылымын қыспаққа ала бастады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды