ХАМАС қаруын беруге дайын: басты талап — Израильдің Газадан толық кетуі

08.12.2025, 09:45
1034
ХАМАС қаруын беруге дайын: басты талап — Израильдің Газадан толық кетуі AP Photo/Abed Hajjar

Атысты тоқтату келісімінің осал тұстары шығып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ХАМАС Газадағы қаруын болашақ палестиналық басқару құрылымына тапсыруға дайын екенін мәлімдеді. Басты шарт — Израильдің анклавтағы оккупацияны толық тоқтатуы. Бұл туралы қозғалыс жетекшілерінің бірі Хәлил әл-Хайя хабарлады.

Оның айтуынша, ХАМАС аймақтағы атысты тоқтату режимін бақылау үшін БҰҰ күштерінің орналасуына қарсы емес, бірақ ұйымды қарусыздандыруды көздейтін кез келген халықаралық миссияны қабылдамайды. Әл-Хайяның мәлімдемесі АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған бейбіт жоспардың екінші кезеңін іске асыруға қажетті шарттардың бірі ретінде қарастырылады.

6 желтоқсанда ХАМАС қозғалысы Газадағы қаруын Палестина билігіне өткізуге келісетінін жариялады, бірақ бұл тек Израиль армиясы анклавтан толық шыққан жағдайда ғана мүмкін екенін атап өтті.

«Біздің қару-жарағымыз оккупация мен агрессия жағдайымен тікелей байланысты. Егер оккупация аяқталса, бұл қару мемлекет құзырына өтеді», — деді әл-Хайя. Оның сөзінен тәуелсіз палестиналық мемлекет құру мәселесі негізгі талаптардың бірі екені аңғарылады. Бұған дейін ХАМАС қарусызданудан үзілді-кесілді бас тартып келген.

Газадағы жағдай Германия канцлері Фридрих Мерцтің Израильге сапарында да талқыланды.

Сонымен қатар ХАМАС Газаны қарусыздандыру үшін халықаралық бітімгерлік күштерін орналастыру идеясын біржола қабылдамайтынын мәлімдеді. Қозғалыс тек БҰҰ бақылаушыларының шекара мен атысты тоқтату шарттарын қадағалауына келіседі.

Израиль мен ХАМАС арасындағы екі жылдық қақтығыс кейін араағайын елдер — Катар, АҚШ және Египеттің қатысуымен жасалған атысты тоқтату келісімі 10 қазанда күшіне енді. Дегенмен жағдай тұрақты емес: Израиль әскерилерге жасалған шабуылдарға жауап ретінде ХАМАС нысандарына соққы беріп жатыр, ал қозғалыс өз кезегінде қарсыластарына қатаң шара қолдануда.

Катар премьер-министрі Шейх Мұхаммед бен Әбділрахман Әл Тани атысты тоқтату өте әлсіз күйде тұрғанын, оны толыққанды деп санау үшін Израиль әскерінің Газадан толық шығарылуы қажет екенін айтты.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды