Трамп Netflix–Warner Bros. мәмілесіне тоқтау салуы мүмкін

08.12.2025, 10:07
1147
Трамп Netflix–Warner Bros. мәмілесіне тоқтау салуы мүмкін Reuters

Аңыз фильмдер түсірген әйгілі Warner Bros. компаниясын Netflix сатып алатыны жұрттың ашуын туғызған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Netflix пен Warner Bros. Discovery арасындағы ауқымды келісімге қайта қарау қажет екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бірігу нәтижесінде нарықтағы үлесі «шамадан тыс ірі» компания қалыптасуы мүмкін. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.

Трамп мәміленің «бірқатар рәсімдерден өтуі тиіс» екенін атап өтіп, шешім қабылдау процесіне өзі де араласатынын айтты. Бұған дейін салалық кәсіподақтар да алаңдаушылық білдіріп, бірігу жұмыс орындарының қысқаруына және киноөндіріс пен дистрибуция көлемінің төмендеуіне әкелуі ықтимал екенін ескерткен.

Warner Bros. Discovery қазан айының соңында корпорацияны екіге бөлу, толықтай сату немесе жекелеген активтерден бас тарту нұсқаларын қарастырып жатқанын хабарлаған еді. Ал 5 желтоқсанда компания Netflix-ке стримингтік және студиялық активтерін 82,7 млрд долларға сатуға келісім берді.

Егер мәміле АҚШ-тың федералды реттеушілері тарапынан мақұлданса, Netflix бақылауына HBO Max платформасы, HBO телеарнасы, сондай-ақ «Хәрри Поттер», «Тақтар ойыны», «Азамат Кейн», «Касабланка» және басқа да ірі франшиза мен фильмдердің құқықтары өтеді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады