16 пайыздық ҚҚС қалай есептеледі? Қаржы министрлігі түсіндірді

08.12.2025, 10:51
1411
16 пайыздық ҚҚС қалай есептеледі? Қаржы министрлігі түсіндірді SMARTNEWS.KZ коллажы

2026 жылдан бастап қосымша құн салығы 12 пайыздан 16%-ға көтерілмек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулар кезінде Қосылған құн салығын (ҚҚС) есептеу тәртібін түсіндірді.

Жаңа ережеге сәйкес, жылдық жоспарлар, оның ішінде алдын ала жасалған жоспарлар мен аванс сомалары, ҚҚС есебінсіз құрастырылады. ҚҚС пен акциздерді төлеу шарттары жоспарға емес, мемлекеттік сатып алу рәсімінің нәтижесінде жасалатын келісім-шартқа енгізіледі. Бұл талаптар салық және кеден заңнамасына сәйкес келеді.

Салық кодексі ҚҚС-тың тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің айналымына есептелетінін анықтайды. Айналым күні ретінде тауарды тапсыру немесе жұмыстар мен қызметтерді көрсету актісін рәсімдеу күні есептеледі.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС ставкасы 16% болып белгіленіп, барлық салыққа жататын айналымдарға, соның ішінде бұрын жасалған келісім-шарттарға да қолданылады. ҚҚС төлеуші жеткізушілер салық кодексінде көзделген талаптарға сәйкес шот-фактура ұсынады. Егер жеткізуші ҚҚС төлеуші мәртебесін өзгертсе, келісім-шарттағы соманы сәйкес салық сомасына түзетуге мүмкіндік бар. Дегенмен, жеткізу сапасы мен шарттары өзгеріссіз қалады.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы жеткізушінің мәртебесін автоматты түрде анықтап, келісім-шартқа ҚҚС сомасын есептейді. Сонымен қатар, портал әр позицияның ҚҚС-қа жататын және жатпайтын бөліктерін бөліп көрсетеді.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу келісім-шарттарын орындау кезінде, келісім-шарт жасалған күнге қарамастан, жеткізуші ҚҚС төлеуші болса, ставка 16% мөлшерінде қолданылады. Министрліктің айтуынша, жүйе жеткізушінің ҚҚС төлеуші екенін автоматты түрде анықтап, келісім-шарт сомасын түзетуге мүмкіндік береді. Бұл салық заңнамасының біркелкі қолданылуын қамтамасыз етіп, даулар мен түсінбеушіліктер санын азайтуға бағытталған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды