Банк қызметкерлері онлайн-казино қылмысына қатысы бар боп шықты

08.12.2025, 11:35
2223
Банк қызметкерлері онлайн-казино қылмысына қатысы бар боп шықты бейнежазбадан

Заңсыз операция көлемі 600 млрд теңгеден асқаны әшкере болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесін тоқтату бойынша жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Агенттік анықтаған трансшекаралық схемада ақша төлем ұйымдары арқылы жасырын түрде онлайн-казино пайдасына қаражат аударылған.

Қазақстан аумағында онлайн-казино қызметі толық тыйым салынғанын еске саламыз. Мұндай платформалар салық төлемей, клиенттерді сәйкестендірмей, жастарды белсенді тартады және халықтың психикалық денсаулығына зиян келтіреді.

Тексеру барысында заңсыз операциялардың көлемі 600 млрд теңгеден асқаны анықталды. Қылмыстық әрекетке 20-дан астам төлем ұйымы және бірнеше екінші деңгейлі банк қызметкері қатысқан. Сондай-ақ төрт онлайн-казиноға техникалық қолдау көрсеткен Call-орталық қызметі тоқтатылып, оған 120 адам тартылғаны белгілі болды. Криптовалюта арқылы жүргізілген гемблинг операцияларының айналымы 200 млн USDT-тен асқан.

Құқық қорғау органдары 70-тен астам тінту жүргізіп, заттай дәлелдемелер тәркіледі. Сот шешімімен тоғыз тұлға, оның ішінде «Төлем ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басшысының кеңесшісі, қамауға алынды. Шетел азаматтары бар сегіз адам халықаралық іздеуге жарияланады.

Агенттік заңсыз құмар ойындарға қатысуға ешкімге мүмкіндік берілмейтінін ескертеді. Онлайн-казино қызметіне көмектескен кез келген әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді