2202

Франция Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға жұмсауға қарсы шықты

Париж жеке банктердегі активтерді қорғауға кірісті.

Франция Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға жұмсауға қарсы шықты
Ludovic Marin/Pool via REUTERS

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция аумағындағы коммерциялық банктерде бұғатталған Ресей активтерін Украинаға қаржылай қолдау үшін пайдалануға қарсы. Елдің жеке қаржы институттарында Ресейге тиесілі шамамен 18 млрд еуро сақтаулы тұр.

Financial Times басылымының дерегінше, Париж Еурокомиссияның Украинаға репарациялық несие беру идеясын жалпы қолдайды. Бірақ бұл мақсатта жеке банктердегі активтерді пайдалану схемасына үзілді-кесілді қарсы. Француз шенеуніктерінің айтуынша, коммерциялық банктердің келісімдік міндеттемелері Euroclear депозитарийінің жауапкершілігінен мүлде өзгеше.

FT атап өткендей, Euroclear бұғатталған ресейлік активтерден пайда көріп отыр және Ресейге өсімпұл төлеу жөнінде шарттық міндеттемесі жоқ. Осы табыс Украинаға 50 млрд еуро көлеміндегі несие схемасын қамтамасыз етуге бағытталған. Ал жеке банктер, керісінше, депозиттер бойынша Ресейге толық немесе жартылай пайыз төлеуге міндетті.

Ресей активтері ЕО аумағында 2022 жылдан бері қатып тұр. Жалпы көлемі шамамен 280 млрд доллар деп бағаланады. Өткен аптада Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен бұл активтерді пайдалану тәуекелін барлық мүше мемлекет бірдей бөлісуі керек екенін мәлімдеді.

Материал авторы