1682

Астанадағы сауда орнында жас жігітті әскерге күштеп әкетпек болған (ВИДЕО)

Жігіттің не үшін жұмыс орнында әкетілгені ресми түрде түсіндірілді.

Астанадағы сауда орнында жас жігітті әскерге күштеп әкетпек болған (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы «Аружан» сауда орталығында түсірілген видео жұртты дүрліктірді. Әскери бөлім өкілдері жас жігітті жұмыс орнынан тікелей алып кеткен. Оқиға келушілердің көзінше болған.

Астана қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бұл жағдайдың 4 желтоқсанда тіркелгенін растады. Ведомство түсіндіруінше, полициямен бірлескен рейд барысында 2002 жылы туған Ә. есімді азамат тоқтатылған. Ол дерекқорда әскерге шақырылушылар қатарында тұрған, бірақ бұрын-соңды міндетті медициналық тексеруден өтпеген.

Тексеру кезінде оған қалалық жиын пунктіне бару ұсынылған, алайда азамат бас тартқан. Осыдан кейін қолданыстағы заңнамаға сай, ол медициналық комиссияға жеткізілген. Алғашқы тексеруден соң жігітті тіркелген мекенжайы бойынша қосымша тексеруге жіберіп, тиісті құжат тапсырған. Кейін үйіне қайтарылған.

Департамент өкілдері бұл жағдай бойынша азамат тарапынан ешқандай шағым түспегенін атап өтті.

Материал авторы