Сәтбаевта дүкенге пышақпен тап берген ер адам ұсталды

Аиса Махамбет Редактор
08.12.2025, 15:22
1406
Сәтбаевта дүкенге пышақпен тап берген ер адам ұсталды бейнежазбадан

Техника дүкенінде пышақпен қорқытқан күдікті қамауға алынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сәтбаевтағы тұрмыстық техника дүкенінде бір ер адам қолына бірнеше пышақ алып, қызметкерлерге тап беріп, боқтап жар салған. Оқиға видеоға түсіп, желіде тарады. Ұлытау облысының полициясы күдіктінің ұсталғанын растады.

Halyqstan Telegram-арнасының мәліметінше, ер адам дүкен ішіне кірген бойда айқайлап, қызметкерлерге пышақпен қарсы тұрған. Сатушылар өздерін қорғау үшін қолдарына швабра мен орындық алып, оны ақырындап шығу есігіне қарай ығыстырған. Дүкеннен тек пышақтарын тастағаннан кейін ғана шығарылған. Артынша ол оқиға орнынан қашып кеткен.

Ұлытау облысы ПД мәліметінше, оқиға 7 желтоқсанда тіркелген. Күдікті дүкен сөресінен асүй пышағын алып, қызметкерлерге күш қолданамын деп қорқытқан әрі дүкен мүлкіне зақым келтірген. Жапа шеккендер жоқ.

102 нөміріне хабар түскен бойда полиция оқиға орнына барып, күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді