1519

Иманбекке «Құрмет» ордені берілді

Аида Балаева марапатты салтанатты түрде табыстады.

Иманбекке «Құрмет» ордені берілді
gov.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, музыкант, әлемдік Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновке «Құрмет» ордені тапсырылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

Министрліктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Республикалық мереке күні Президент жарлығымен елдің экономикасы, мәдениеті және қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады. Кейбір лауреаттар уақытында марапат ала алмады, себебі шетелде болған.

Балаева салтанатты шарада марапаттарды табыс ету – үлкен құрмет екенін айтып, ел дамуына айтарлықтай әсері бар жұмыстарға ризашылығын білдірді.

«Құрмет» орденімен марапатталғандардың қатарында бұрынғы халықаралық дінаралық диалог орталығының бастамалар бөлімін басқарған Карлыгаш Калилаханова және алғаш рет Grammy жеңген қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов бар.

Сонымен қатар, актер Еркебұлан Токтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.

Иманбек Зейкенов – әлемдік шоу-бизнес саласында басты марапаттардың бірін иеленген алғашқы қазақ. Оның Roses ремиксі жылдың үздік ремиксі деп танылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев музыкантты құттықтап, таланты мен табандылығының арқасында әлемге танылғанын атап өтті.

Материал авторы