Бейбіт бастама АҚШ-қа жіберіледі: Киев пен Еуропа құжатты аяқтап қалды

09.12.2025, 09:12
1296
Бейбіт бастама АҚШ-қа жіберіледі: Киев пен Еуропа құжатты аяқтап қалды AP Photo/Christophe Ena, Pool

Зеленский: территория, қалпына келтіру және қауіпсіздік бойынша ортақ шешім әлі жоқ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский Украина мен Еуропа елдерінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері бейбіт жоспардың жаңартылған нұсқасын талқылауды жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Лондонда өткен онлайн-брифингте айтты.

Президенттің сөзінше, бастапқыда 28 тармақтан тұрған бейбіт жоспар қазір 20 тармаққа дейін қысқарған. Алайда бірқатар мәселелер бойынша ортақ ұстаным әлі қалыптаспаған. Талқыланып жатқан түйткілдердің ішінде территорияға қатысты ұстанымдар, соғыстан кейінгі қалпына келтіру және қауіпсіздік кепілдіктері бар.

Зеленский бұл жолғы Лондондағы келіссөздерде елеулі ілгерілеу байқалғанын атап өтті. Оның айтуынша, Еуропа тарапымен талқыланған соңғы нұсқа соғысты аяқтауға қатысты «мүмкін болатын шешімдерге қарай жылжып келеді».

Президент Украина мен Еуропаның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері құжатты пысықтауды жалғастыратынын жеткізді. Оның дерегінше, жоспардың жаңартылған нұсқасы сейсенбі кешінде-ақ АҚШ-қа жолдануы мүмкін.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украина жөніндегі бейбіт бастамаға қатысты пікір білдіріп, Зеленскийдің құжатпен таныспағанына қынжылыс білдірген еді. Ал АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог соғысты тоқтату үшін шешілуі тиіс екі негізгі мәселені атаған.

Сонымен қатар Батыс басылымдары еуропалық көшбасшылар Зеленскийге Ресейге қатысты ықтимал келісімдерге бармас бұрын Вашингтоннан берік кепіл алу қажет екенін ескерткенін жазған.

Зеленский Донбасс мәселесінде АҚШ, Ресей және Украинаның көзқарастары ортақ емес екенін де айтты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды