Әлеуметтік мекеме басшысы зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдардың қаражатын ұрлаған

14.04.2023, 11:43
686
Әлеуметтік мекеме басшысы зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдардың қаражатын ұрлаған smartnews.kz

Ұлытау өңіріндегі әлеуметтік мекеме басшысы мекемеде тұратын зейнеткерлер мен мүгедектердің қаражатын ұрлаумен айналысқан. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінен (ҚМА) мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Әлеуметтік мекеменің басшысы мен қызметкерлерінен құралған бір топ адамның заңсыз әрекеттерін ҚМА аумақтық департаменті әшкереледі.

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік мекемеде, сондай-ақ іс фигуранттарының тұрғылықты мекенжайында санкцияланған тінту жүргізу кезінде қарттардың 799 мың теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдері, оларға тиесілі банк карталары, сондай-ақ аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін басқа да заттар мен құжаттар тәркіленді.

Тергеудің толық және жан-жақты жүргізілуіне кедергі келтіру, сондай-ақ қылмыс ізін жасыру және жою әрекеттеріне байланысты аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген агенттік мәліметінде.
Сот 2 айға дейін қамауға алу түріндегі «бұлтартпау» шарасына санкция берген. ҚР ҚПК 201-бабы алға тартылып, басқа мәліметтер жария етілмеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды