SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында Алматы – Қызылорда бағытындағы жүрдек автобустың бағытын ат қиып өтіп, жол-көлік апатына себеп болды. Оқиға 8-нен 9 желтоқсанға қараған түнде, Токсансай ауылы маңында, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық трассасының 33-шақырымында тіркелді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жолға аяқ астынан атып шыққан жылқы автобустың тура алдынан кесіп өтіп, соқтығысудан қашып құтылу мүмкін болмаған. Соққы күші нәтижесінде көлік кабинасы қатты зақымданып, жүргізуші ішінде қысылып қалған.
Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар арнайы гидравликалық құрылғының көмегімен кабина металын ажыратып, жүргізушіні сақтықпен сыртқа алып шықты. Зардап шеккен жүргізуші жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, ауруханаға жеткізілді.
Апат кезінде автобустағы жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпегені хабарланды.
RUS