Берік Уәли: Халықты Қытайға қарсы айдап салуға болмайды

09.12.2025, 12:30
1292
Берік Уәли: Халықты Қытайға қарсы айдап салуға болмайды @abaiaqparatkz

Абай облысының әкімі Қытай жұмысшылары туралы мәлімдеме жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданының халқымен кездесуде өңірде жұмыс істеп жүрген Қытай азаматтарына қатысты көзқарасын ашық айтты. Ол шетелдік жұмысшыларды негізсіз қорқыныш пен күдікке байлап қоюдың дұрыс еместігін атап өтті.

Әкімнің сөзінше, Қытай инвестициясы – әлем елдері үшін тартымды ресурс, ал олардың келуі жол салу сияқты ірі инфрақұрылымдық жобаларды жылдам жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Уәли Калбатау–Майқапшағай бағытының құрылысына кезінде 200-ден аса жергілікті тұрғын жұмылдырылғанын еске салды.

«Қарапайым халықты Қытайға қарсы қоюға болмайды. Олар бізге жол салуға келді. Егер талапқа сай жұмыс істей алсақ, неге тартпасқа? Қытай компаниялары әлемнің түкпір-түкпірінде жұмыс істейді, сол себепті қорқатын ештеңе жоқ», – деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, ҚХР азаматтары Аягөз–Бахты теміржолының құрылысында да еңбек етіп жатыр. Әкім бұл жоба аймақ экономикасына түсетін ірі капитал екенін және болашақта жаңа жұмыс орындарын ашатынын атап өтті.

Берік Уәли Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим байланыстарды күшейтіп отырғанын еске салды. Ол тұрғындарды бұл мүмкіндікті пайдаланып, сауда-саттық пен қызмет көрсету салаларында белсенді болуға шақырды.

«Қытайлықтар осында тұрақтап қалмайды – келіп, жұмысын істеп, еліне қайтады. Біз де көрші елге барып, табыс таба аламыз. Жастарды да олардан үркітудің қажеті жоқ. Олар біздің жолымызды салуға келді», – деді өңір басшысы.

Әкімнің айтуынша, Шәуешек–Аягөз байланысын қамтамасыз ететін жаңа теміржол ішкі Қытайдан келетін жүк пойыздарының қақпасы болады. Бұл Аягөз үшін экономикалық серпіліс әкелуі ықтимал.

«Қытайлық компания шамамен 300 шақырым жол салады. Егер олардың өкілдері заң бұзса, жауапқа тартылады немесе елден шығарылады. Бақылау жергілікті органдардың қолында», – деді Берік Уәли.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады