1502

Алматыда ұры сейфті троллейбуспен әкетпек болып ұсталды (ВИДЕО)

Пәтер тонаған ұрлықшы сейфпен бірге троллейбусқа мінген.

Алматыда ұры сейфті троллейбуспен әкетпек болып ұсталды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда пәтер тонады деген күдікке ілінген ер адам қашып құтылмақ болып, ұрланған шағын сейфті қала троллейбусына тиеп әкетуге тырысқан сәтінде қолға түсті.

Қалалық полицияның мәліметінше, жедел іздестіру барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні дәл осы оғаш әрекеті кезінде ұстаған. Ол пәтерден қолды болған мүліктің бір бөлігін – сейфті – қоғамдық көлікпен алып кетпек болған.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияровтың айтуынша, күдіктіні ұстау жедел топтың үйлесімді жұмысының нәтижесі.

«Біз ұсталған адамның өзге де осы тектес қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз. Қала тұрғындарының мүлкін қорғау – күнделікті атқарылатын жұмыс, бұл бағыттағы бақылау күшейе береді», – деді ол.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Материал авторы