Жапония Еуроодақтың Ресей активтерін пайдалану жоспарына қосылудан бас тартты

09.12.2025, 13:32
1972
Жапония Еуроодақтың Ресей активтерін пайдалану жоспарына қосылудан бас тартты Ukrainian Presidential Press Office

Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға беру сөз болған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жапония G7 елдерінің қаржы министрлері арасындағы кездесуде Еуропалық одақ ұсынып отырған — Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға қолдау ретінде пайдалану жөніндегі жоспарға қосылудан бас тартты. Токионың уәжі – құқықтық тәуекелдер. Бұл туралы Politico басылымы жазды. 

Жапония Ресейге қарсы санкциялар аясында шамамен 30 млрд доллар (26 млрд еуро) көлеміндегі активті бұғаттап қойған. Алайда ЕО-ның бастамасына қосылу ел үшін заңдық салдар туғызуы мүмкін деген алаңдаушылық бар.

Еурокомиссия осы айдың 18–19 желтоқсанында өтетін ЕО саммитіне дейін 210 млрд еуроны құрайтын Ресейдің мемлекеттік активтерін Украинаға көмек ретінде пайдалану схемасын мақұлдатуға тырысып жатыр. Бірақ бұл бағытта басты тежегіш – Бельгия. Себебі оның депозитарийі Euroclear-де Ресей активтерінің 185 млрд еуросы сақтаулы. Брюссельдің пікірінше, активтерді бұл тәсілмен пайдалануға жол ашу инвесторлардың депозитарийге деген сенімін әлсіретуі мүмкін.

Бельгия өз қауіпсіздігін күшейту үшін ЕО-дан тыс G7 елдеріне де — олардың аумағындағы бұғатталған ресейлік қаржы құралдарын пайдалана отырып — Украинаға қарыз беру схемасын қолдауды сұраған. Ұлыбритания мен Канада бұған шартты түрде дайын екенін білдірген. Ал АҚШ пен Жапония мұндай модельден бас тартты.

Кездесуде АҚШ өкілдері тағы бір маңызды мәлімдеме жасаған: ел Украинаға қолдауын G7-нің Байден тұсында мақұлданған соңғы несие траншы толық төленгеннен кейін қысқартатынын айтқан. Politico есептеуінше, келер жылы Украина шамамен 71,7 млрд еуро көлемінде бюджет тапшылығына тап болуы мүмкін. Жаңа қаржы бөлінбесе, сәуірден бастап мемлекеттік шығындарды қысқартуға тура келеді.

ЕО ішінде 2026–2027 жылдары Украинаға 140 млрд еуро көлемінде репарациялық қарыз беру мүмкіндігі талқыланып жатыр. Қарыздың кепілдігі ретінде — Еуропадағы Ресей Орталық банкінің бұғатталған резервтері. Құқықтық тұрғыда активтер конфискаланбаған болып саналады, бірақ Ресей оларды тек репарацияны өтегеннен кейін ғана қайтара алады. Ал Киев сол репарация арқылы ЕО-дан алған қарызын жабады деген жоспар бар.

Бұл идеяны Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мен Германия канцлері Фридрих Мерц қолдап отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды