Астанада жасөспірімдер автобус жүргізушісіне бұрыш баллонын шашып қашпақ болды (ВИДЕО)
Жасөспірімдер апаттық жағдайға арналған балғаны ұрламақ болған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада №5 бағытындағы қоғамдық автобуста бір топ жасөспірім жүргізушінің бетіне газ баллонын шашып, оқиға орнынан қашпақ болды. Бұл туралы елорда полициясы жеткізді.
Полиция дерегінше, жасөспірімдер автобустың ішінде авариялық шығуға арналған балғаларды шешіп алып, оны өздерімен бірге әкетуге тырысқан. Жүргізуші олардың әрекетін байқап, көлікті тоқтатып, тәртіп бұзушыларды ұстап қалуға әрекеттенген. Сол сәтте жасөспірімдердің бірі жүргізушінің бетіне бұрыш баллонын шашып, қашуға ұмтылған.
Құқық қорғау органдары олардың жеке басын анықтады. Полицияның мәліметінше, балалардың ата-аналары «балалардың тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін» әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның өзге де мән-жайы тексеріліп жатыр.
Материал авторы