1508

Алматыдағы қара жаңбыр жұртты шошытты

Экологтар Алматыдағы қара жаңбырдың себебін ашып айтты.

Алматыдағы қара жаңбыр жұртты шошытты
threads/ ainur_argancheyeva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 8 желтоқсанда жауған жаңбыр қала тұрғындарының киімін қарайтып кеткен. Әлеуметтік желі қолданушылары алғаш рет «қара жаңбырды» көргенін айтып, суреттерін жариялады. Қаланың тау бөктерінде қар түскен, ал төменгі бөлігінде жаңбыр жауған. Бұл туралы Kazinform жазды.

Көпшіліктің шағымына жауап ретінде Алматы экология департаменті жағдайға түсінік берді. Ведомствоның хабарлауынша, қалада бірнеше апта бойы жауын-шашын болмағандықтан, ауада шаң, күйе, көлік пен өндірістің қалдықтары қалың жиналып қалған. Тыныш, желсіз әрі инверсиялы ауа райы бұл ластанудың төмен қабатта тұрып қалуына әсер еткен.

Экологтардың айтуынша, кешегі жаңбыр ұзақ мұрғаттан кейінгі алғашқы «тазарту жаңбыры» болды. Тамшылар атмосферадағы жиналған шаң мен күйені өзімен бірге жерге түсірген. Сол себепті ашық түсті киімде, терезелерде немесе көлік бетінде қара іздер қалуы – табиғи құбылыс.

Мамандар бұл құбылысты «лас жаңбыр» деп атауға болатынын, бірақ оның құрамында қала ауаcында күнделікті бар заттардан өзге улы қоспалар жоқ екенін атап өтті.

Экология департаменті жаңбырдың химиялық тұрғыда қауіпті еместігін айтты: егер уытты не қышқыл жауын болса, өткір иіс, металлдың коррозиясы немесе өсімдіктердің күйіп қалуы сияқты белгілер байқалатын еді. Ал қара дақтар – тек PM2.5 және PM10 сияқты ұсақ бөлшектерді атмосферадан шайып түскен жаңбыр тамшыларының нәтижесі.

Мамандар бұл табиғи құбылыс Алматы ауасының ластану деңгейінің жоғары екенін көрсететін маңызды белгі екенін ескертті.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор