Жетісуда пара алды деген күдікпен екі полицей ұсталды
Полиция басшысы мен инспектор пара алу кезінде қолға түскен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында полицейлердің пара алды деген күдікпен ұсталғаны ресми түрде расталды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Достық полиция бөлімінің бастығы мен Алакөл аудандық бөлімінің учаскелік инспекторы пара алу кезінде қолға түскені туралы ақпарат тараған еді.
Алдын ала дерекке сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері оларды 2 желтоқсанда, шамамен 6 млн теңге көлемінде пара алып жатқан сәтінде ұстаған.
Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ҰҚК бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге деректер жарияланбайды.
Материал авторы