583

Қар, көктайғақ, ақтүтек боран: 10 желтоқсанда елдің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

10 желтоқсанда 16 облысқа дауылды ескерту жарияланды.

Қар, көктайғақ, ақтүтек боран: 10 желтоқсанда елдің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады
BILL LACKEY/STAFF

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 10 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлайды. «Қазгидромет» таратқан жедел ескертулерге сәйкес, елдің басым аумағында қар, көктайғақ, тұман және қатты жел тіркелуі мүмкін.

Түркістан облысы

Түнде және таңертең таулы аудандарда қатты қар жауады. Оңтүстікте және тауда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысы, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел таулы аумақта 15–20 м/с-қа күшейеді.

Шымкент пен Түркістанда – таңертең тұман.
10–11 желтоқсанда өңірде небәрі 1–6 градусқа дейін, солтүстік және тауда 13 градусқа дейін аяз күтіледі.

Маңғыстау облысы

Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ. Шығыстан соққан жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ақтауда – түнде көктайғақ, күндіз жел 15–18 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс, солтүстік және шығыс бөлігінде тұман. Желдің екпіні күндіз 15–20 м/с.
Оралда – түнде және таңертең тұман.

Атырау облысы

Күндіз батыс бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, бұрқасын. Шығыстан соққан жел 15–20 м/с.
Атырауда – жел 15–18 м/с.

Алматы облысы

Оңтүстік және таулы аудандарда қатты қар. Солтүстігі мен оңтүстігінде тұман мен көктайғақ. Солтүстік-батыстан соққан жел 15–20 м/с.
Алматы мен Қонаевта – түнде қатты қар, тұман және көктайғақ.
10–11 желтоқсанда түнде аяз небәрі 12–17, таулы аудандарда 20–25 градусқа дейін төмендейді.

Қызылорда облысы

Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен орталығында екпіні 15–20 м/с.
Қызылордада – күндіз жел 15–20 м/с.

Абай облысы

Қар, бұрқасын, көктайғақ. Түнде солтүстік, шығыс және оңтүстік бөлігінде қатты қар. Желдің күші 15–20, екпіні 23 м/с.
Семейде – бұрқасын, көктайғақ, жел 15–20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Қар, бұрқасын, көктайғақ. Солтүстік пен шығыста қатты қар. Желдің екпіні 15–20, кей жерде 23 м/с.
Өскеменде – қар, бұрқасын, жел 15 м/с.

Жамбыл облысы

Батыс, оңтүстік және таулы аудандарда қар. Түнде тауда қатты қар мен жаяу бұрқасын. Көктайғақ пен тұман. Жел 15–20 м/с.
Таразда – тұман және көктайғақ.
10–11 желтоқсанда түнгі аяз 8–13 градусқа дейін төмендейді.

Ақтөбе облысы

Шығыстан соққан жел 15–20 м/с.
9–10 желтоқсанда түнгі аяз 15–20, солтүстік-шығыста 25 градусқа дейін түседі.

Павлодар облысы

Оңтүстік пен шығыста қар және бұрқасын. Солтүстік пен батыста тұман. Жел 15–20 м/с.
9–11 желтоқсанда түнгі аяз 22–30 градусқа дейін күшейеді.
Павлодарда – қар, бұрқасын, жел 15–20 м/с.

Қарағанды облысы

Түнде солтүстік және шығыс бөлігінде қар, көктайғақ, бұрқасын. Тұман. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Түнгі температура 20–30 градусқа дейін төмендейді.
Қарағандыда – қар, бұрқасын, көктайғақ.

Ұлытау облысы

Солтүстік, шығыс және орталық аудандарында тұман. Түнде шығыста жел 15–20 м/с.
9–11 желтоқсанда аяз түнде 15–20, шығыста 25 градусқа дейін төмендейді.
Жезқазғанда – тұман.

Жетісу облысы

Таңертең тауда қатты қар. Шығыста және тауда көктайғақ, тұман, бұрқасын. Жел 15–20, кей жерлерде 23–28 м/с.
Алакөл ауданында жел 30 м/с және одан жоғары.

Ақмола облысы

Түнде солтүстік, оңтүстік және шығыс бөлігінде қар мен жаяу бұрқасын. Жел 15–20 м/с.
Көпшілік аудандарда ауа температурасы 25–30 градусқа дейін төмендейді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Қар, бұрқасын. Кей жерде қатты қар. Жел 15–20 м/с.
Түнде аяз 25–30 градусқа дейін.

Материал авторы