Автолизинг іске қосылмай тұр: депутат проблеманы Үкіметке жеткізді

10.12.2025, 09:45
378
Автолизинг іске қосылмай тұр: депутат проблеманы Үкіметке жеткізді pixabay.com

Салық кодексінде автолизингтің мүлде жоқтығы нарықты тоқырауға әкелді дейді депутат.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда автолизинг саласы жаңа ережелерге қарамастан толық іске қосылмай отыр. Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков осы мәселеге байланысты Премьер-министр Олжас Бектеновке ресми түрде жүгініп, тетік реттелмесе, жаңа мүмкіндік азаматтардың игілігіне жұмыс істемей қалатынын ескертті.

10 қарашада Ішкі сауда қағидаларына енгізілген түзетулер жеке тұлғаларға жаңа автокөлікті лизинг арқылы алу мүмкіндігін ашқан еді. Алайда Құспековтің айтуынша, негізгі нормативтік база әлі жасақталмаған: азаматтарға арналған автолизинг салық заңнамасында мүлде қарастырылмаған, жеңілдіктердің тәртібі белгісіз, механизмнің өзі нақты жазылмаған. Осы олқылықтар компанияларға ашық шарттар ұсынуға, ал азаматтарға бұл құралдың артықшылықтарын пайдалануына мүмкіндік бермей отыр.

Депутат Үкімет басшысына жолдаған хатында жеке тұлғаларға арналған автолизингті Салық кодексінде бекітіп, бизнеске арналған қаржылық лизингпен бірдей салықтық преференциялар енгізуді ұсынды. Сонымен бірге ұсталған жеке табыс салығын бастапқы жарнаға немесе лизингтік төлемдерге бағыттайтын тетік қажет екенін атап өтті. Бұл ипотекалық модельге ұқсас схема азаматтардың қарыз жүктемесін айтарлықтай жеңілдетеді деп есептейді.

Құспеков айыппұлдар мен міндетті төлемдер нақты көлікті пайдаланушыға есептелуі тиіс екенін де көтерді. Сондай-ақ жеке тұлғалар шарт талаптарын бұзған жағдайда лизинг нысанасын сотсыз қайтару тетігінің жоқтығы тәуекелдерді күшейтеді. Депутаттың пікірінше, лизингтік ұйымдардың жұмысына қатысты бірыңғай талаптар мен стандарттардың болмауы адал емес компаниялардың пайда болуына жол ашып отыр.

Қолданыстағы реттеу қайтарылған автомобильдерді қайта лизингке беруге мүмкіндік бермейді. Бұл нарықтың дамуын тежейтін фактор ретінде көрсетілді. Сонымен қатар Құспеков автолизинг процесін толық цифрландыруды: онлайн-өтінімнен бастап электронды шартқа қол қою, хабарламалар алу, eGov және мемлекеттік реестрлермен интеграцияға дейін қамтуды ұсынды.

Депутат азаматтарға арналған лизингті қолдау бағдарламасын әзірлеуді де маңызды деп санайды. Бағдарлама сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды және бастапқы жарнаны ішінара өтеуді, әсіресе отандық өндірістегі көліктерді сатып алуда, қарастыруы тиіс. Оның сөзінше, мұндай кешенді қадамдар автолизингті қолжетімді әрі қауіпсіз құралға айналдырып, ішкі сұранысты өсіреді және экономиканы қолдайды.

Құспеков мәселені бақылауда ұстайтынын, атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпаратты азаматтарға әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде жеткізетінін айтты.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады