Құлсарыда белгісіз адам мектепке бомба қойылғанын айтқан
Мектептегі дүрбелеңге қылмыстық іс қозғалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Құлсарыдағы №9 мектепте 9 желтоқсан күні таңертең сабақ орнына дабыл көтерілді. Белгісіз адам ғимаратқа бомба қойылғаны туралы хабар таратып, оқу орны бірден қоршауға алынды.
Полиция мектеп аумағын тексеріп шықты, алайда жарылғыш зат табылған жоқ.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Мұндай әрекет Қазақстан Қылмыстық кодексінің 273-бабымен қаралады. Террористік акт туралы көрінеу жалған хабар тарату үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, түзету жұмыстары, бостандығын шектеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Материал авторы