Алғашқы әскери дайындық пәнінің атауы өзгереді

14.04.2023, 16:42
545
Алғашқы әскери дайындық пәнінің атауы өзгереді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» (АӘТД) пәнінің атауы өзгеретінін мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазіргі кезде Оқу-ағарту министрлігі білім алушыларда әскери іс негіздері бойынша қажетті білімді, іскерлікті, төтенше жағдайларда қажет дағдыларды игеруді қалыптастыру үшін АӘТД пәнін «Бастапқы әскери дайындық» пәні деп өзгерту жұмыстарын жүргізуде.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында құрамында практик-мұғалімдер, жетекші ғалымдар, әдіскерлер қатарынан 300-ге жуық әзірлеуші бар жұмыс топтары қолданыстағы бағдарламаларды жетілдірумен айналысуда», - деп жазылған жауапта.

Соның ішінде АӘТД пәнінің қолданыстағы бағдарламасы да жетілдіріліп жатыр.

«Оқу бағдарламалары жетілдірілгеннен кейін АӘТД пәнін оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарының мазмұны қайта қаралатын болады», - деп жазады Үкімет басшысы.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды