«Қазақмыс» акцияларының иесі өзгереді

10.12.2025, 11:14
2384
«Қазақмыс» акцияларының иесі өзгереді kazakhmys.kz

Акционер ауысса да, жұмыс орындары мен әлеуметтік кепілдіктер сақталады дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазақмыс» жаңа акционерге бақылау құқығының берілуі бойынша рамалық келісімге қол қойылғанын хабарлады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Құжат корпорация президенті Владимир Ким мен директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың бірлескен шешімімен әзірленген. Келісім бақылауды беру процесін бастайды. Жақын арада барлық қажетті рәсімдер орындалып, келісім бойынша акционерлік үлестерді сату-сатып алу шарты қол қойылады.

Компанияның хабарлауынша, өзгерістер Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Тау-кен металлургиялық сектордағы компания акцияларын немесе үлестерін беру үшін салалық нормаларға сәйкес өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, сондай-ақ Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің арнайы рұқсаты қажет.

Сонымен қатар, серіктестер, кредиторлар, миноритарлық қатысушылар және басқа мүдделі тараптарға хабарландыру рәсімдері басталады.

«Келісім жаңа акционерге ауысуды қарастырса да, өндірістік және операциялық процестерге әсер етпейді. Контракттық міндеттемелер, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері мен жұмыс орындарының тұрақтылығы сақталады. «Қазақмыс» қызметін қалыпты режимде жалғастыра береді, ал ағымдағы және перспективалық жобалар стратегиялық жоспарларға сәйкес жүзеге асады», – делінген хабарламада.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады