БЖЗҚ зейнетақы жеткіліктілік шегін 10% көтерді
Ең төменгі жеткіліктілік шегі инфляцияға сәйкес жаңартылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады.
Қордың мәліметінше, жеткіліктілік шегі ағымдағы және болжамды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, ең төменгі зейнетақы мөлшеріне, ең төменгі жалақыға, күнкөріс деңгейіне, сондай-ақ инфляция мен инвестициялық кірістілікке сүйене отырып есептеледі.
2026 жылға арналған негізгі көрсеткіштер:
ең төменгі жалақы — 85 000 теңге;
зейнетақының ең төменгі мөлшері — 69 049 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге.
Осы көрсеткіштерге сәйкес, 2026 жылы зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі орта есеппен 10 пайызға өсті. Бұл өсім ағымдағы және болжамды инфляция деңгейіне сәйкес келеді.
Салымшының жасына қарай жеткіліктілік шегі қалай белгіленетінін қордың ресми сайтынан көруге болады.
Материал авторы