1581

Британдық сарапшы қазақ боксшысының айласын жоғары бағалады (ВИДЕО)

Әлем чемпионатындағы нокаут британ жаттықтырушысының назарын аударды.

Британдық сарапшы қазақ боксшысының айласын жоғары бағалады (ВИДЕО)
instagram.com/boxingkazakhstan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, британдық бокс сарапшысы әрі жаттықтырушы Тейлор О’Хиггинс IBA ұйымдастырған Дубайдағы 2025 жылғы әлем чемпионатында рингке шыққан қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықовтың өнеріне жоғары баға берді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

75 кг салмақта 1/32 финалда Сабыржан Аққалықов Сейшель аралдарының өкілі Джошуа Аарон Кузенмен жұдырықтасып, қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. Сарапшы Сабыржанның рингтегі айласын, әсіресе корпуспен жасаған алдамшы қимылдарын ерекше атап өтті.

О’Хиггинс әлеуметтік желідегі жазбасында:
«Қазақстандық кейбір боксшылардың алдамшы финттерді қаруына қосқаны қуантады», — деп жазып, жекпе-жектен бір эпизодтың видеосын да бөлісті.

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатында небәрі ширек финалға жолдама алып үлгерді. Алдағы айналымда ол Израиль атынан сынға түсетін Мирослав Капулер-Ищенкомен кездеседі.

Материал авторы