SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина Жоғарғы радасының депутаты Алексей Гончаренко президент Владимир Зеленскийге қызметінен кетуді ұсынды. Оның айтуынша, қазір Киевтің басты міндеті — сайлау емес, келіссөз үстеліне оралу.
РИА Новости таратқан мәліметке қарағанда, Гончаренко бұл пікірін өзінің Telegram-арнасында жазған. Депутаттың айтуынша, егер Зеленский елді бейбітшілікке жеткізе алмаса, онда президенттік сайлауды талқылаудың да қажеті жоқ.
Ол өз жазбасында:
«Егер Зеленский елді бейбітшілікке жеткізуге қауқарсыз болса, онда сайлаудың да керегі жоқ. Отставкаға кетсе, сол жеткілікті.Конституцияда бәрі көрсетілген», — деп мәлімдеді.
ТАСС келтірген тағы бір сөзінде Гончаренко Зеленскийдің қазіргі жағдайды түсінбей отырғанын айтады:
«Владимир Александрович қазір немен айналысу керегін, сайлау туралы қашан ойлану керегін түсінбей отырған сияқты. Жарайды, бағыттайын: екі сөзден тұратын тіркес бар — алғашқысы «бейбітшілік», соңғысы «келіссөздер». Сайлау жайын кейін де талқылаймыз», — деді депутат.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Politico басылымына берген сұхбатында Украинада президенттік сайлау өткізілуі керек деген пікір айтқан еді. Кейін Зеленский Трамптың бұл мәлімдемесіне жауап берген.
RUS