Өскемен түрмесінде қарсылық көрсеткен сотталғандарды тоқтату үшін оқ атуға тура келді

14.04.2023, 18:34
785
Өскемен түрмесінде қарсылық көрсеткен сотталғандарды тоқтату үшін оқ атуға тура келді smartnews.kz

Өскемен қаласында түрмеге лақтырылған тыйым салынған затты алмақ болған сотталғандар сақшыларға қарсылық көрсетті. Мекеме қызметкерлері ауаға бірнеше рет оқ атуға мәжбүр болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 14 сәуірге қараған түні сағат 00.21-шамасында Өскемендегі №16 түзету мекемесінің бекеттерінің бірінде болған.

«Белгісіз біреу қоршаудың арғы жағынан түрме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырып жіберген. Оралған зат бақылау күзетіндегі тыйым салынған аймаққа түсті. Сол сәтте 3 сотталған адам жүгіріп келіп, затты алып кетпек болғанда оқиға орнына 6699 әскери бөлімінің екі бақылаушысы жедел жетіп, сотталғандарды ұстай бастады. Алайда олар бақылаушыларға қарсылық көрсеткен. Жағдай ушығып бара жатқанын жоғарыда байқап тұрған сақшы дереу «Тоқта, артқа шегін, атамын!» деп айғайлап, автоматты сақтандырғыштан алып, жоғарыға ескерту оғын атты», - дейді баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Осы кезде бақылаушылардың бірі оралған затты тыйым салынған аймақтан негізгі қоршау жаққа қарай лақтырып жіберген.

«Сол кезде сотталғандардың бірі оны алу үшін негізгі қоршау аймағына қарай ұмтылған. Мұны сырттан бақылап тұрған сақшы айғайлап, аспанға ескерту оғын атады. Қарудың дыбысынан қорыққан сотталушы дереу артқа шегінген. Осы сәтте ішкі аумаққа жүгірген екі бірдей сотталған да дереу ұсталды», - дейді Б.Амангелді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды