Елімізде жұмысы нашар үш әкім жазалануы мүмкін

10.12.2025, 16:49
1020
Елімізде жұмысы нашар үш әкім жазалануы мүмкін Sputnik / Владимир Федоренко

Әкімдерге соңғы ескерту жасалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстанда жұмыс қарқыны ең төмен үш ауданның әкімдері жыл соңында жазалануы ықтимал. Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуына арналған жиында мәлімдеді.

10 желтоқсанда өткен отырыста аймақ басшысы қала және аудан әкімдерінен жылдық жоспардың орындалуын тыңдады. Талдауға сәйкес, ең бәсең көрсеткіштер Глубокое ауданында, Алтай ауданында және Риддер қаласында тіркелген. Бұған қоса, Өскеменде, сондай-ақ Самар және Ұлан аудандарында да бірқатар көрсеткіш алаңдатып отыр.

Аталған өңірлердің әкімдері жағдайды түзеу үшін қандай іс-шара қабылдайтынын баяндады. Алайда облыс әкімі олардың есебіне қатаң ескерту жасады.

«Жыл соңына дейін жұмысы ең төмен үш әкімге қатысты тиісті шара қабылданады. Инвестиция көлемін арттырып, халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды көбейтуіміз керек. Сондықтан жұмысты күшейтіңдер!» — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Қазір көрсеткіштер қайта қаралып жатыр, ал әкімдерге жыл аяқталғанша жағдайды түзетуге соңғы мүмкіндік берілді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды