Астанадағы «Нұрлы Жол» вокзалында ер адамды пышақтап кетті
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы «Нұрлы Жол» вокзалында ер адам пышақ жарақатын алып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті хабарлады.
Оқиға станса аумағында болған. Пышақ салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу басталды.
Құқық қорғау органдары тергеу деректері қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сай жарияланбайтынын мәлімдеді.
Жараланған азамат ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші