Сириядан қайтарылған 7 жасар қыз жақында туыстарына табысталады

14.04.2023, 19:37
578
Сириядан қайтарылған 7 жасар қыз жақында туыстарына табысталады Видеодан алынған кадр

Сирияда содыр болған қазақстандықтың 7 жасар қызы 11 наурызда елге жеткізілді. Қолдау орталығына орналастырылған бүлдіршін жақында туыстарына табысталмақ, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шетелдік серіктестерімен бірлесіп, азаматтарды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша қарқынды жұмысты жалғастырып жатыр.

11 наурыз күні Сирияда содыр болған қазақстандықтың 7 жасар қызы елге жеткізілді. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілген.

Қазір бүлдіршін Астана қаласының балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Оны медициналық тексеруден өткізіп, бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақында туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетін болады.

Айта кетсек, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетімді Қазақстанға қайтарды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді