Науқандық жұмыс нарығы қазан-қараша айларынан белсендіріледі. naryk.kz порталының талдауына қарағанда, мейрамхана, қонақүй қызметі және іс-шаралар индустриясы үшін бұл — жылдағы ең қарқынды кезеңдердің бірі. Науқан күзден басталып, мереке күніне дейін жалғасады. Жарнамаға қарағанда, ең сұранысқа ие мамандар — асқаздар, даяшылар, бармендер және аниматорлар.
Биыл күзде жұмыс берушілер аспаздар мен даяшыларға вакансияларды белсенді жариялаған. OLX порталында қазан айында аспаздарға арналған 1 018, даяшыларға арналған 492 вакансия шыққан. Қарашада да сұраныс азаймаған, ал іс-шара жүргізушілеріне ұсыныстар саны қазан айында екі есе артқан. Желтоқсан айында аспаздар мен даяшыларға деген сұраныс одан әрі көбейді.
Жалақы мен бонустар да науқан кезінде тартымды. Ең жоғары табыс — іс-шара жүргізушілерінде, олардың айлығы жарты миллион теңгеден асады. Тамақтану мен қызмет көрсету саласында орташа жалақы: даяшылар — 330 000 теңге, бармендер — 240 000 теңге, аспаздар — 280 000 теңге. Сондай-ақ, сұрыптаушылар да науқан кезінде сұранысқа ие, олардың орташа табысы 433 000 теңге шамасында.
Науқан кезеңіндегі ұсыныстар көбіне жоғары ставка, бонус, қысқа мерзімді сыйақы сияқты ынталандыруларды қамтиды. 31 желтоқсан, 1-2 қаңтар түндері және корпоративтік демалыс күндері үшін төлемдер әдеттегіге қарағанда көбірек.
Қараша — жұмыс берушілер үшін маңызды уақыт. Жаңа жылдық бағдарламаларды алдын ала іске қосу үшін қызметкерлерді 4–6 апта бұрын іздей бастайды. Бұл әсіресе студенттер, икемді кестемен жұмыс істейтіндер және мерекелік шығындарын жабуға уақытша жұмыс іздейтіндерге тиімді.
Науқаннан тыс кезеңде де адамдар кейде табысты сақтап, қосымша жұмыс істей береді. 2025 жылдың үшінші тоқсанында жұмыспен қамтылу деңгейі 64,8%, жұмыссыздық 4,6% деңгейінде болған. Сол сияқты, жастардың бір бөлігі уақытша жұмыстарға қатысып, қалған уақыттарда өз істерімен айналысады. 2025 жылдың бірінші тоқсанында еш жерде тұрақты жұмыс істемейтін жастар шамамен 6,2% құраған.
Қалай болғанда да, мереке қарсаңында жұмыс істеп ақша табудың еш айыбы жоқ. Қыста да кейбір қызмет түрлері тоқтамайды, ал қосымша табыс табудың мүмкіндігі мол. Студенттер мен негізгі жұмысынан тыс уақытта қызмет көрсететіндер де науқан кезінде табыс таба алады.
Авторы Серік Алдан
RUS