SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы жағдайға қатысты Франция, Германия және Ұлыбритания басшыларымен өткір әңгіме жүргізгенін мәлімдеді.
Трамп журналистермен кездесуде Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесі талқыланғанын растады. Оның айтуынша, пікір алмасу «біршама қатқыл» сипатта өткен. Дегенмен ол Еуропа көшбасшыларын «жақсы достар» деп атап, ынтымақтастық жалғасатынын жеткізді.
Президенттің сөзінше, Франция, Германия және Ұлыбритания өкілдері алдағы демалыс күндері АҚШ делегациясы мен Украина басшылығы қатысатын кездесу ұйымдастыруды ұсынған.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп Украинадағы бейбіт келіссөздерге қатысты бірқатар келіспеушіліктер барын ашық айтқан. Сонымен қатар 10 желтоқсанда Киев АҚШ әкімшілігіне қақтығысты реттеу жөніндегі соңғы бейбіт жоспар жобасына толыққанды жауап жолдаған.
RUS