Қазақстан исламдық қаржыландыруда жаңа белеске шықты: АХҚО халықаралық консультативтік кеңес құрды

11.12.2025, 10:47
1699
Қазақстан исламдық қаржыландыруда жаңа белеске шықты: АХҚО халықаралық консультативтік кеңес құрды AIFC

Қазақстан исламдық қаржы индустриясында өңірлік көшбасшылыққа бір табан жақындады. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Сауд Арабиясы, Бахрейн, Малайзия, Түркия, БАӘ және Қазақстанның жетекші сарапшыларын біріктіретін Исламдық қаржы жөніндегі халықаралық консультативтік кеңестіңқұрылғанын жариялады. Кеңестің алғашқы отырысы 10 желтоқсанда Абу-Дабиде AIFC Connect Abu Dhabi алаңында өтті.

Жаңадан құрылған орган Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды өрістету бойынша тәуелсіз сараптамалық орталыққа айналмақ. Кеңес заңнаманы жетілдіру, шариғат стандарттары, капитал нарықтары, орнықты қаржы, цифрлық шешімдер мен халықаралық әріптестік бағыттары бойынша ұсыным әзірлейді.

АХҚО-ның исламдық қаржы бағытын басқаратын Мәдина Тұқұлова кеңестің құрылуын индустрия қарқынын күшейтетін маңызды қадам деп атап өтті:

«Әлемнің негізгі ислам қаржы орталықтарынан жиналған сарапшылардың тәжірибесін тоғыстыра отырып, біз өңір үшін сапа мен ашықтықтың жаңа стандарттарын қалыптастыра аламыз» – деді ол.

Lemrair Consultancy Company басшысы д-р Аднан Ахмед Юсиф те бұл бастаманы Еуразиядағы исламдық қаржының институционалдық дамуы үшін стратегиялық кезең деп атады. Оның айтуынша, Қазақстан этикалық және орнықты қаржылық шешімдерді дамытуда айтарлықтай әлеуетке ие.

Өңірдегі исламдық қаржыландыру мүмкіндіктері талқыланды

Алғашқы отырыста кеңес мүшелері Қазақстан мен Орталық Азияда исламдық қаржы нарығын кеңейтудің кедергілері мен әлеуетін талдады. Сарапшылар 2026–2028 жылдарға арналған басымдықтарды анықтады. Олардың ішінде:

жаңа исламдық қаржы өнімдерін әзірлеу;

халықаралық институттарды тартуды күшейту;

инвестициялық тартымдылықты арттыру;

АХҚО-дағы шариғат басқару жүйесін жетілдіру.

Кеңес мүшелері шариғат талаптарына сай шешім қабылдау үдерістерінің ашықтығын арттыру қажеттігін қолдады. Бұл инвесторлардың сенімін күшейтіп, Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай исламдық қаржы экожүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жасыл қаржы және сукук – жаңа басым бағыттар

Кеңес жасыл қаржы саласындағы исламдық құралдарды дамыту перспективаларын да қарастырды. Қазақстанның жасыл және ESG-бағдарланған сукук шығару әлеуеті жоғары екені атап өтілді.

Кеңес құрамына енген халықаралық сарапшылар

Жаңадан құрылған консультативтік кеңеске исламдық қаржының әлемдік деңгейдегі жетекші мамандары кірді:

Д-р Сами Әл-Сувайлем – Ислам даму банкі институтының директорының міндетін атқарушы

Д-р Аднан Ахмед Юсиф – Бахрейн мен Таяу Шығыстың ислам банкингі көшбасшыларының бірі

Проф. Дато д-р Азнан Хасан – Малайзия Халықаралық ислам университетінің шариғат профессоры

Лим Сэй Чонг – БАӘ-дегі тәуелсіз директор, капитал нарықтары мен цифрлық активтер жөніндегі сарапшы

Фатма Чынар – Түркияның қатысу банктері қауымдастығының өкілі

Майя Марисса Малек – Sabiq Advisory бас директоры

Мәдина Тұқұлова – АХҚО исламдық қаржы бағытының басшысы

Кеңестің құрылуы Қазақстанның Орталық Азиядағы исламдық қаржыландыру хабы ретіндегі орнын күшейтіп, халықаралық деңгейде танылған экожүйе қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам саналады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады