Каспий құбырына жасалған соққы: Қазақстан мен Украина арасында түсіністік орнады

11.12.2025, 12:06
2118
Каспий құбырына жасалған соққы: Қазақстан мен Украина арасында түсіністік орнады gov.kz

Украина Қазақстанның алаңдаушылығына ресми жауап беріп, «Қазақ халқына деген құрметіміз өзгермейді» деген еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Венада өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі аясында украиналық әріптесімен кездесуде Каспий құбыр консорциумы (КҚК) нысандарына жасалған шабуыл жөнінде сөз қозғады. Министрдің айтуынша, тараптар бұл мәселе бойынша ортақ түсіністікке келген.

Көшербаев екіжақты ынтымақтастық, сауда қатынастары және қауіпсіздік мәселелерімен бірге Каспий құбыр консорциумының жағдайын талқылағанын айтты.

«Украиналық тараппен жағдайдың тұрақты болуы керектігі жөнінде түсіністік бар», – деді ол Ақорда дәлізінде.

Бұл кездесуге дейін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров тараптардың сөйлескенін хабарлаған еді.

Айта кетейік, 29 қарашада таңғы 06:06-да Новороссийск маңындағы КҚК-ның теңіз инфрақұрылымы дрон-қайықтар арқылы шабуылға ұшыраған болатын. Қазақстан Үкіметі оқиғаны ерекше бақылауға алды. 30 қарашада Қазақстан КҚК нысандарына жасалған кезекті шабуылға байланысты ресми қарсылық нотасын жолдады.

Кейін Украина Қазақстанның наразылығына жауап берді. Киев Астананың алаңдаушылығын қабылдағанын мәлімдеп, өз әрекеттерінің бағытын түсіндірді. Украина СІМ-і бұл операциялардың Қазақстанға немесе басқа мемлекеттерге қарсы бағытталмағанын айтып, «барлық әскери күш Ресейдің агрессиясына қарсы қорғанысқа жұмылдырылғанын» жеткізді.

Украина мәлімдемесінде Ресейді «Қара теңіз аймағындағы тұрақсыздықтың бірден-бір көзі» деп атады және Қазақстанның Ресейдің Украинадағы азаматтық нысандарға жасаған соққыларын айыптамағанын еске салды. Киев әлем елдерін соғыстың тоқтауына әсер етуге шақырды.

Мәлімдеме соңында Украина:

«Қазақ халқына деген өзгермес құрметімізді және екі ел арасындағы тарихи байланыстарға сай, Қазақстанмен достық әрі прагматикалық қатынастарды дамытуға ұмтылысымызды растаймыз», – деп атап өтті.

Каспий құбыр консорциумындағы соңғы оқиға ВПУ-2 құрылғысы дрон-қайық шабуылынан зақымданғаннан кейін басталды. Тиеу жұмыстары тоқтатылып, танкерлер аймақтан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазақстан Энергетика министрлігі түсініктеме беріп, СІМ Украинаға ресми нота жолдағанын растады.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады