Маңғыстауда психикалық ауытқуы бар ер адам жүргізуші куәлігінен айырылды
Ер адам ауытқуы бар болса да, осы уақытқа дейін көлік жүргізіп келген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында сот психоневрологиялық есепте тұрған азаматтың жүргізуші куәлігін тоқтатты.
Аудандық соттың ресми Telegram-арнасында көрсетілгендей, айыпталушы психоневрологиялық есепте тұрған және «Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары – G07.0» деген диагнозы бар, бұл автокөлікті басқаруға тыйым салатын жағдай.
Полиция департаменті аталған азаматқа 2018 жылғы 7 маусымда берілген жүргізуші куәлігінің күшін тоқтату туралы талап арыз түсірген. Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» заңы мен Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген медициналық қарсы көрсеткіштер тізіміне сәйкес, бұл диагноз жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.
Сот талапты толық қанағаттандырып, азаматтың көлік басқару құқығын уақытша тоқтатты. Шешім заңды күшіне енді.
Материал авторы