Ақтөбеден ұшып шыққан ұшақта әйел адам көз жұмды
SCAT рейсінде жолаушы әйел қайтыс болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 9 желтоқсанда SCAT әуекомпаниясының Ақтөбеден Алматыға ұшатын рейсінде жолаушы әйелдің жағдайы нашарлап, ұшақта көз жұмды деп хабарланды.
Әуекомпанияның мәліметіне сәйкес:
«Әйел адам ұшақта көз жұмды. 9 желтоқсанда SCAT компаниясының Ақтөбеден Алматыға ұшатын рейсінде жолаушының жағдайы күрт нашарлады».
Халықаралық Әлия Молдағұлова атындағы әуежайдың хабарлауынша, ұшақ командирі ұшақты кері оралып, Ақтөбеге қауіпсіз қондыруға шешім қабылдаған. Ұшақ жерге 22:50-де сәтті қонды. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына жеткенімен, әйелді құтқару мүмкін болмады.
Медициналық көмек көрсетілген кезде ұшақтағы басқа жолаушылар әлі орнында болған. Рейс кейін 01:36-та Алматыға қайта бағытталды.
Материал авторы