622

Жапонияда ел премьер-министрі халық алдына шығарда жарылыс болған

Оқиға Вакаяма қаласындағы балықшылар портында болды. Күдікті ұсталған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты NHK-ке сілтеме жасап.

Жапонияда ел премьер-министрі халық алдына шығарда жарылыс болған
Kyodo

15 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 11:30 шамасында Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Вакаяма қаласындағы балықшылар портында көпшілік алдына шығып, сөз сөйлеуі керек болған. Осы кезде жарылыс дыбысы естіліп, ақ түтін түзіледі. Полиция мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Ал, жарылғыш зат лақтырған күдікті оқиға орнында ұсталған.

Бұдан бұрын Кисида Вакаямадағы Сайгасаки портында балықтың дәмін татып көрген. Мұнан соң ол Вакаяма 1 округі бойынша палата өкілдерін қосымша сайлауға байланысты сөз сөйлеуі керек еді. Алайда, іс-шара кейінге қалдырылды. Аталған сайлау осы айдың 23-іне өтеді.