Украина Ресей аумағына 287 дронмен жаппай шабуыл жасады
Мәскеу әуежайлары жабылып, зауыттар зақымданған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігі 11 желтоқсанға қараған түнде Украина 287 дронмен жаппай шабуыл жасағанын хабарлады. Министрлік дерегінше, оның 118-і Брянск облысы үстінде атып түсірілген.
РФ Әуе қорғанысы Мәскеу, Калуга, Тула, Новгород, Ярославль және өзге де өңірлердің әуе кеңістігінде ондаған дронды жойғанын мәлімдеді.
Брянск облысының губернаторы Александр Богомаз Выгонич ауданында бес автокөлік пен бірнеше көпқабатты үйдің әйнегі сынғанын айтты. «Жараланғандар жоқ» деді ол.
Мәскеудегі әуежайлар уақытша тоқтады
Түн ортасында Ресей азаматтық авиациясы Внуково, Домодедово, Шереметьево және Жуковский әуежайларын уақытша жапты. Москва мэрі Сергей Собянин қалаға қарай ұшқан 29 дрон жойылғанын мәлімдеді, бірақ қосымша мәлімет бермеді.
Химия зауыттарына соққы жасалды деген ақпарат тарады
Ресейлік және украиналық Telegram-арналар Новгородтағы «Ақрон» минералды тыңайтқыш зауыты мен Смоленск облысындағы «Дорогобуж» өндіріс ошағына дрондар тигені туралы жазды. Кей деректер зауыттардың аммиак селитрасын – жарылғыш зат жасалатын компонентті – өндіретінін атап өтті.
Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкиннің айтуынша, Украина шабуылдары басталғалы бері Ресейдің 41 өңіріне жалпы сомасы 600 млрд рубль шығын келген.
Материал авторы