3338

Алматыда пойыздағы түсірілім кезінде 50-ден астам адам газға уланып қалды

Жаппай уланғандардың ішінде болған екі бала жансақтау бөліміне түсті.

Алматыда пойыздағы түсірілім кезінде 50-ден астам адам газға уланып қалды
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жалға алынған пойыз вагонында түсірілім кезінде жаппай газға улану фактісі тіркелді. Медициналық қызметтердің дерегінше, 52 адам зардап шеккен, олардың арасында балалар да бар.

Қалалық ауруханаларға 10 бала жеткізілді. Екі бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, қалғандары профильді бөлімшелерге орналастырылған.
Басқа зардап шеккендерге оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық емге жіберілді.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы бақылауда, қажетті ем толық көлемде жасалған.

Төтенше жағдай ұлттық тасымалдаушыға тиесілі пойызда емес, жеке компанияның вагонында болған. Бұл вагон киностудияға түсірілім жұмыстары үшін жалға берілген.

Газдың қайдан және қалай шыққаны анықталып жатыр. Тиісті органдар оқиғаның барлық мән-жайын тексеруге кірісті.

Материал авторы