SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында Германия аумағындағы банктік шоттарды бұзып, жеке деректерге заңсыз қол жеткізді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҰҚК хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 9 желтоқсанда Бас прокуратураның үйлестіруімен және Германияның федералдық криминалдық полициясымен бірлескен арнайы операция жүргізілген. Сол нәтижесінде Алматы облысынан күдікті анықталып, қолға түсті.
ҰҚК дерегіне сүйенсек, ол компьютерлік технологияларды пайдаланып неміс азаматтарының банктік шоттарына заңсыз қол жеткізіп, жеке мәліметтерін алған деген болжам бар. Алдын ала есеп бойынша, келтірілген зиян көлемі жүздеген мың еуроға жетеді.
Тінту барысында техника және өзге де айғақты заттар тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр.
RUS