372

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатқан қылмыстық топ ұсталды

Қиын жағдайдағы аналарды пайдаланып, сәбилерді сатқандар әшкереленді.

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатқан қылмыстық топ ұсталды
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «STOP-трафик» жедел іс-шарасы аясында адам саудасына қатысты бірнеше ауыр қылмыс жолы кесілді.

Polisia.kz дерегіне қарағанда, Алматыда жаңа туған нәрестелерді саудалаумен айналысқан қылмыстық топтың іс-әрекеті тоқтатылды.

Тергеу мәліметінше, ұйымдастырушылар қиын жағдайға тап болған жас әйелдерді ақша беріп, сәбилерін бөгде адамдарға тапсыруға итермелеген. Қылмысқа қатысты тұлғалардың барлығы ұсталды. Қазір бұл іс бойынша 20-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Материал авторы