396

Зеленский: «Сайлау өткізу үшін атысты тоқтату қажет»

Зеленский президенттік сайлаудың шарттарын атады.

Зеленский: «Сайлау өткізу үшін атысты тоқтату қажет»
Valentyn Ogirenko/REUTERS

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский елде президент сайлауын өткізу тек атысты тоқтату жағдайында мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, дауыс беру кезеңінде қауіпсіздік толық қамтамасыз етілуі тиіс, ал бұл ретте АҚШ-тың рөлі шешуші.

Зеленский бұл туралы 11 желтоқсанда өткен «еріктілер коалициясы» форматындағы онлайн-жиында айтты.

«Президент Трамп Украинадағы сайлау мәселесін жиі көтеріп жүр. Егер сайлау өткізу қажет болса, біз бұған қарсы емеспіз. Украина демократиядан қашпайды. Бірақ қауіпсіздік — басты шарт. Дауыс беру кезеңінде атысты тоқтату қажет. Мұны талқылау керек. АҚШ бұл мәселеде Ресеймен сөйлесе алады деп санаймыз», — деді ол.

Зеленскийдің сөзінше, егер қауіпсіздік қамтамасыз етілсе, сайлауды алдағы 60–90 күнде өткізуге техникалық мүмкіндік бар.

АҚШ президенті Дональд Трамп желтоқсан басында Украинада президент сайлауын өткізу «уақыты келді» деп мәлімдеген еді. Оның пікірінше, «украин халқының таңдау жасауға құқығы бар». Трамп Зеленский қайтадан жеңіске жетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Бұған дейін Трамп Зеленскийді «сайлаусыз диктатор» деп атап, оның рейтингі «4%» деп айтқан. Алайда ол бұл уәждеріне ешқандай дәлел келтірмеді.

Украинада әскери жағдай кезінде президент сайлауын өткізу арнайы заңдармен тыйым салынған. Ал парламент сайлауы Конституциямен шектелген. Президент сайлауына қатысты шектеулер заң деңгейінде бекітілгендіктен, оларды өзгерту үшін Рададағы дауыс көпшілігі және мемлекет басшысының тиісті жарлығы қажет.

2024 жылы өтуі тиіс кезекті президент сайлауы Ресейдің толыққанды басқыншылығына байланысты кейінге қалған. Осыны алға тартқан Мәскеу Киевті «Зеленскийдің легитимдігін жоғалтты» деп айыптап келеді.

Материал авторы