317

Гуанчжоу–Алматы рейсінде жолаушы көз жұмды

Куәгер жолаушы ұшақта дәрігердің болуы міндетті екенін айтып шағымданды.

Гуанчжоу–Алматы рейсінде жолаушы көз жұмды
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Гуанчжоу–Алматы бағытындағы әуе рейсінде қазақстандық әйел жол үстінде көз жұмды. Оқиғаға байланысты көліктегі полиция департаменті түсінік берді.

Полицияның мәліметінше, Алматы әуежайындағы Линейлік полиция бөлімі осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Алдын ала анықталған себеп — әйелдің созылмалы ауруы. Толық мән-жай тергеліп жатыр. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Құқық қорғау органдары өзге ақпаратты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария ете алмайды.

Оқиға жайлы Threads қолданушысының жазбасынан да белгілі болды. Оның айтуынша, 11 желтоқсанда Гуанчжоудан Алматыға ұшқан ұшақта жолаушының кенеттен жағдайы нашарлап, көз жұмғаны хабарланған. Пікірлерде марқұмның онкологиялық аурумен күрескені айтылды.

Материал авторы