Дариға Бадыкова Forbes Woman журналына енді
Желі қолданушылары Бадықованы құттықтап, шығармашылығын жоғары бағалады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса Дариға Бадыкова Forbes Woman журналының жаңа санында жарияланды. Бұл жайлы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бадыкова мұндай танылу оның болмысын өзгертпегенін атап өтті. Айтуынша, жетістікке қатысты қызығушылықтан гөрі, ішкі тыныштық пен сабырды маңызды санайды.
Ол жазбасында:
«Ал Forbes-ке шықтым құттықтап қойсаңыздар болады, еңбегім ғой. Бірақ, ішімде де, сыртымда да, өзгеріс жоқ. Фотоға түскенде де, тауық болғым келген жоқ. Кеше біреу айтады балконнан «Шампан атып жұртты жинамадың ба?» деп.Бір қалыпты жағдай менде сол. Неге былай екен деп сұрақ қойдым маман иесіне, ішкі тыныштық, қысымсыз көп нәрсені асыра уайымдамайтын еркін адам екенмін. Расында қызбалық жоқ менде», — деп көрсетті.
Желі қолданушылары актрисаны құттықтап, оның шығармашылығын жоғары бағалады. Әсіресе Бадықова басты рөлде ойнаған «Ыстық ұя» фильмі туралы жылы пікірлер жазды.
Дариға Бадықова – отандық кино мен телехикаяларда кең танылған актриса. Оның қатысуымен «Қазақша бизнес» франшизасы, «Хотя бы кинода 2» фильмі және «Келінжан» телесериалы жарық көрді. Кейінгі жылдары актриса өзін продюсер ретінде көрсетуде. Оның «Таптым-ау сені», «Таптым-ау сені 2» және «Тастаймын-ау сені» фильмдері кассалық рекорд орнатқан еді.
Материал авторы