Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутпен ұтып, чемпиондық белбеуін сақтап қалды

15.04.2023, 11:29
844
Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутпен ұтып, чемпиондық белбеуін сақтап қалды prosports.kz

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен бокс кешіндегі басты жекпе-жекте қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) пен жапониялық Кадзуто Такесако (15-0, 14 КО) шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

М. Нұрсұлтанов бұл жекпе-жекте орта салмақтағы WBO International тұжырымы бойынша чемпиондық атақты сарапқа салды.

Боксшылардың екеуі де бұған дейін рингте жеңіліп көрмеген еді. Мейірім жекпе-жек барысында басымдылығын байқатып, сегізінші раундта қарсыласын сұлатып түсірді.

Осылайша, 12 раундқа есептелген жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Кадзуто Такесако алғаш рет нокаутпен жеңілді.

Сөйтіп, М. Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 19-шы жеңісіне қол жеткізіп, WBO белдігін сақтап қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мейірім Нұрсұлтановтың WBO титулы үшін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өткенін жазған едік.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды